Қазақша Рэп Сайты Жұма, 20.06.2025, 19:12
Басты бет | Тіркелу | Кіру Сәлеметсізбе Қонақ | RSS
Сайтта

Категориялар
Smitty a.k.a Black Solo өлеңдері [7]
DDSh pro өлеңдері [2]
Барлық рэп тексттері [0]

Шағын-чат
200

Кіріңіз

Басты бет » Статьи » Рэп тексттері » DDSh pro өлеңдері

Саясаткер болғанымда (SHOKAN)


I.                    Елім деген ер болса, көкірегі көзі ашық

Құдайым өзі жар болса, осы еліме жақтасып

Ағалардың еңбегі баянды боп халыққа

Жүрсе деймін болашақта келер ұрпақ мақтанып

Саясаткер болғанымда ойлар едім халқымды

Ұмыт қылмай ешқашан, сақтаймын есте салтымды

Бақыт толы құшағы болса деймін ел жұртым

Ұмыт қылмай өткізер ем, ерлік толы әр күнім

Батырларды баянды қып, ел есінде қалдырам

«Қазақстан» есімін алтын әріппен жаздырам

Еуразия төрінен орын алған азулы ел

Шамам жетсе дамыған индустриялды ел қылам

Азаттық, бостандық, бірлікпенен адымдап

50 елдің қатарына кіруге дәл жақындап

Басқа елдер қызығатын саясатты ұстанам

Халқыммен сыйласып, би болам ел бастаған.

 

Қ/сы:

Елестетші бауырым, мен призидент болғанда

Не болушы еді мына Қазақстанымда

Елді көтеремін, жеткіземін деу оңай

Бастағанды соңына дейін көтересің арқалай

 

II.                 Айта тұғын мәселе, істер тұғын істе көп

Саясаткер болып кетсем, қызмет етем еліме

Керек емес атағың да, даңқыңда бір маған

Тек үлесімді тигізсем, еліме асқақтаған

Мені қолдар халқыммен бірге бастап тек алға

Ұстанған бағытымнан тайсалмай жетсем мақсатқа

Өзіме-өзім серт беріп, ұмтыламын қас қақпай

Ұстасам биік туымды, тура жолдан жаңылмай

Көтерген биік туымды, төмендетіп түсірмес ем

Қандай жағдай болсада, бар күшіммен күресем

Айтылған сөздерімді қолмен істеп дәлелдеймін

Етемін Қазақстанды бір адамы өкінбейтін

Айтылған сөз, атылған оқ, ер жігіт екі сөйлемейді

Ауыздан шыққан әр сөзді, қолмен істеп дәлелдейді

Мен саясаткер болғанымда бәрін осылай жасар ем

Бірақ мен рэпермін, осының бәрін елестеткен

 

Қ/сы:

Елестетші бауырым, мен президент болғанда

Не болушы еді мына Қазақстанымда

Елді көтеремін, жеткіземін деу оңай

Бастағанды соңына дейін көтересің арқалай

Категория: DDSh pro өлеңдері | Қосқан: Админ (13.12.2011)
Қаралды: 3545 | Жылдам іздеуге: DDSh текст | Көрсеткіш: 1.0/1
Барлық комментарилар: 0
Құжатты тек тіркелгендер ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу

Біздің сұрақ
Кім мықты?
Барлық жауаптар: 734

Жылдам іздеу

Есептеу

Желідегі барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

DDSh pro & S.V.MIKO © 2025