Ассалаумағалейкум Есік қаласы,
Сіздерге мен колледжім туралы айтамын.
Құлақ сал
және де қолды көтер досым,
Сөзін білсең егер менімен бірге қосыл.
Мұғалімдерім менің сіздерге мүлдем сөз жоқ,
Өйткені мен үшін сіздерге
жететін ұстаз жоқ.
Бостан босқа достар олар бізге айқайламайды,
Біздің білімді болғанымызды олар қалайды.
Талай көкірек болдық мұғаліммен санасқан,
Талай бұзық болдық оның жүйкесін жұқартқан.
Достарым сыйлай білейік ұстаздарды әрқашан,
Себебі олардың да біздей баласы бар адам.
Мен әрқашанда білімді болуға тырысамын,
Себебі кейін жемісін көріп шыңға шығамын...
Деген ұстаным менде, бауырым сенде тырыс кәне,
Сөзін білсең егер қайырмасына қосыл және...
қ\сы:
Сүйікті ұстазым, менің екінші анам,
Тек сіздің арқаңызда жасаймын шыңдарға қадам.
Ұстазым себепкерім жамандықтан алыстатқан,
Тек сіздің арқаңызда оянды ғой менің санам.
Екі жүз он екінші топтың атынан құрмет,
Біздің кураторға недегенмен мыңдаған рахмет.
Құдабаева Гауһар Ғалымжанқызы есімі,
Біз сабақта қиналғанда тауып береді шешімін.
Тоққожа Естенов сізге үлкен алғыс білдіремін,
Сіз ғана білесіз біздің колледжге не керегін.
Директор ағай, өтеміз сізді ұмытпай,
Сіздің әрбір қадамыңызды жүреміз қолдай!
Дұрыс тәрбие жүргізетін Гүлнар Төлеуқызына...
Алғысымыз біздің шексіз тырысамыз бұзылмауға!
Сіздің жылы жүзіңіз, айтқан ақыл сөзіңіз,
Сіздің үмітіңізді ақтаймыз әлі көресіз!
Құрметті колледждің барлық қызметкерлері,
Бәріңізді сыйлаймыз, сыйламай қайда кетеміз?
Дауыстарыңыз әуендей құлақтан кіріп бойды алар,
Сіздердің еңбектеріңіз жүз пайыз ақталар.
қ\сы:
Сүйікті ұстазым, менің екінші анам,
Тек сіздің арқаңызда жасаймын шыңдарға қадам.
Ұстазым себепкерім жамандықтан алыстатқан,
Тек сіздің арқаңызда оянды ғой менің санам.
|